«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Сисенбаева Гүлдана Дүзбайқызы №228 учаскелік сайлау комиссиясының, Әжіғалиева Толқын Қуандыққызы №229 учаскелік сайлау комиссиясының, Төребек Балтабек Төребекұлы №230 учаскелік сайлау комиссиясының, Алмуханова Інжу Бақтыгерейқызы №231 учаскелік сайлау комиссиясының, Шыңғысқызы Ақнұр №232 учаскелік сайлау комиссиясының, Самат Ғазиз Саматұлы №238 учаскелік сайлау комиссиясының, Үсенбай Еркебұлан Елтайұлы №239 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалсын.
2. Осы шешім №228, 229, 230, 231, 232, 238, 239 учаскелік сайлау комиссияларына және Ырғыз аудандық мәслихатына жолдансын.
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Итібаев