«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 12 қыркүйектегі Ақтөбе облыстық мәслихатының №53 шешімі негізінде, Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімін сайлау 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалсын.
2. 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын және Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төрағасы Б. Итібаев
Хатшысы Д. Қызбергенов
№31
15.09.2023 ж.