Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 219,6 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,4 пайыз.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 9683,6 млн теңге немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға өсті.
Инвестиция. Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 3627,6 млн теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне - 389,3 пайыз. Оның ішінде жеке көздерден 1445,0 млн теңге (өткен жылы 692,4 млн теңге), несие 24,2 млн теңге (өткен жылдың осы кезеңінде 26,2 млн теңге).
Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 1418,0 млн теңге, 2022 жылдың осы кезеңінде 51,4 млн теңге, немесе 26,1 есе.
Барлығы 7208 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,0 пайыз.
Кәсіпкерлік. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1100 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,1 пайыз. Белсенді субъектілер саны-1083 бірлік, немесе өткен жылға 121,1 пайыз.
Бөлшек сауда. Бөлшек сауда айналымының көлемі 2045,3 млн теңге, немесе нақты көлемінің индексі 163,1 пайыз.
Жұмыспен қамту. 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 800 жаңа жұмыс орны ашылды, (2022 ж - 898 адам) 1086 адам еңбекке орналасты (2022 ж - 1182 адам), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны – 499 адам (2022 ж - 519 адам).
Бюджет. Жергілікті бюджетке 489,5 млн теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 610,4 млн теңге, немесе 124,7 пайызға орындалды. Бюджет шығысы 97,8 пайызға атқарылды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 8,8 пайызға немесе 49,5 млн теңгеге өскен.