2023 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп.
Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 158,9 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 133,4 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 4061,4 млн. теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға өсті.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 415,0 млн. теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне - 171,7 пайыз. Оның ішінде жеке көздерден 390,9 млн.теңге (өткен жылы 180,3 млн.теңге), басқалай 24,2 млн.теңге (өткен жылы 26,2 млн.теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 187,8 млн. теңге, 2023 жылдың осы кезеңінде 1,6 млн. теңге, немесе 11 пайыз.
Барлығы 2416 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 142,0 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1054 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,0 пайыз. Белсенді субъектілер саны - 1043 бірлік, немесе өткен жылға 124,8 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 960,8 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 165,0 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 498 жаңа жұмыс орны ашылды, (2022 ж - 397) 584 адам еңбекке орналасты (2022 ж - 466), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 291 (2022 ж - 213).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 221,2 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 325,2 млн. теңге, немесе 147,0 пайызға орындалды. Бюджет шығысы 99,9 пайызға атқарылды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 5,4 пайызға немесе 16,8 млн.теңгеге өскен.

Әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындысы туралы
Дата публикации
29 мая 2023