2023 жылғы 14 мамырында Ырғыз ауданының Аманкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Ырғыз ауданының Аманкөл ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Аманкөл сайлау округі
Аманкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 892 азамат енгізілді, олардың 609-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 26, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дүкенбаев С.С. – 277; Күнтуарұлы А. – 17; Спанов А.Қ – 287.
Спанов Абылай Қайырбекұлы -1992 ж.т., «Ырғыз аудандық білім бөлімі», бас экономист, Құтикөл ауылының тұрғыны, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 15 мамырындағы шешімімен 2023 жылғы 14 мамырда сайланған Ырғыз ауданының Аманкөл ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы