2023 жылдың 1 тоқсанда өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынантүскен сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

2023 жылдың 1 тоқсанда өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынантүскен

сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

 

2023 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша

 

№

Айтылған ескертулер және ұсыныстар

Орындалу жағдайы

(шешу жолдары)

Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда)

Ырғыз ауданы

1.    

Қарасай ауылына директор тағайындау мәселесі

Қарасай негізгі орта мектебінде қазіргі таңда мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы қызметін Б.Әжіғалиева атқарып отыр. Мектепке тұрақты директор қызметіне қазіргі таңда лайықты тұлға қарастырылуда, біліктілік талаптарына сай келетін, тесттен өткен мамандарды іздестіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Орындалуда

2.    

Қарақұдық ауылына қыс мезгілінде жолды қардан тазарту

 

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша  3 жыл мерзімге (2022-2023-2024) «Наурыз-СИМ» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. «Наурыз-СИМ» ЖШС есебіндегі техникалар мен автөліктер жарақты күйде. Қыс мезгілінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары қардың түсуіне орай қардан уақытылы тазартылды.

Орындалды

3.    

Құрылыс ауылынан бос тұрған ғимараттар есебінен ардагерлерге үй қарастыру

Құрылыс ауылы Шоқпаров көшесіндегі «Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ есебінде тұрған тұрғын үй өрт сөндіру бекеті мен ардагерлерге берілді.

Орындалды

4.    

«Мәні» мәдениет үйінің жылу қазандығын газге ауыстыру

«Мәні» мәдениет үйіне газ кіргізуге жобалық-сметалық құжаттары дайын. Қаржыландыру күтілуде.

Орындалуда

5.    

Әйтеке би, Мұғалжар аудандары жағынан келетін Ырғыз өзен суларының бойына салынған бөгеттерді анықтау

 

Ырғыз өзенінің жоғарғы арнасын зерделеу мақсатында көршілес Әйтеке би ауданында салынған бөгеттерді анықтап, Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы, Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына, Ақтөбе облыстық әкімдігі және басқада осы салаға жауапты құзырлы органдарға анықталған бөгеттерді зерделеп тиісті шара алу жөнінде хаттар жолданды.

Орындалды

6.    

Құтикөл ауылындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Айгөлек» бөбекжай-бақшасын қолданысқа беру

Қазіргі таңда ішке жұмыстар жүргізілуде (линолеум жаю, ішкі есіктерді салу, жарықтарды қондыру, раковина және ішкі дәретхана қондыру және т.б жұмыстар), газге айналдыру жұмыстары аяқталды. 1 маусымға дейін толық аяқталып, қолданысқа беріледі.

Орындалуда

7.    

Жайсаңбай ауылы мен аудан орталығының арасына тұрақты такси қызметін ұйымдастыру

Ағымдағы жылдың Наурыз айының 13 нен бастап тұрақты такси қызметі жұмыс жасап жатыр

Орындалды

8.    

Құйлыс ауылындағы ұялы байланысының интернет желісін 4G ге ауыстыру

Құйлыс ауылындағы ұялы байланысының интернет желісі                  4G-ге ауыстырылды

Орындалды

9.    

Құрылысы жүріп жатқан спорттық-сауықтыру кешеніне бассейн құрылысын салу

Құрылысы жүріп жатқан спорттық-сауықтыру кешеніне бассейн құрылысын салу жұмысы жоспарда бар

Орындалуда

10. 

Ағымдағы жылы Нұра ауылын газдандыру

 

Қазіргі таңда Нұра ауылына тартылатын және кентішілік газ құбырын салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан пайдалануға ағымдағы жылы беріледі.

Орындалуда

 

 

Дата публикации
27 апреля 2023