2023 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 131,0 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 133,3 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 3097,8 млн. теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға өсті.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 372,9 млн. теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне-165,8 пайыз. Оның ішінде жеке көздерден 348,7 млн.теңге (өткен жылы 165,4 млн.теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 15,8 млн.теңге, өткен жылдың осы кезеңінде 1,1 млн.теңге. Барлығы 1949 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 126,8 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1042 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128,2 пайыз. Белсенді субъектілер саны-1031 бірлік, немесе өткен жылға 127,8 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 562,3 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 138,6 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 456 адам еңбекке орналасты (180,2 пайыз), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 209 (125,9 пайыз).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 151,9 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу
жоспары нақты 245,2 млн. теңге, немесе 161,4 пайызға орындалды. Бюджет шығысы 100 пайызға атқарылды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 4,3 пайызға немесе 11,1 млн.теңгеге кеміген.

Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы анықтама
Дата публикации
25 апреля 2023