Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың ұсынылуы және тіркелуі туралы хабарлама – 20.04.2023

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясына Аманкөл ауылдық округінің әкіміне үш кандидаттан құжаттар келіп түсті: Дүкенбаев Самат Сәдуақасұлы, Күнтуарұлы Айболат және Спанов Абылай Қайырбекұлынан.
Аталған кандидаттың барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы Аманкөл ауылдық округі әкімдігіне келесідей кандидаттарды тіркеді:
1. Дүкенбаев Самат Сәдуақасұлы, 1963 жылы дүниеге келген, «Аманкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Бас маман, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Аманкөл ауылдық округі, Құтикөл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
2. Күнтуарұлы Айболат 1978 жылы дүниеге келген, Ырғыз аудандық мемлекеттік архиві, Меңгеруші, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылдық округі, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
3. Спанов Абылай Қайырбекұлы 1992 жылы дүниеге келген, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ, бас экономист, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Аманкөл ауылдық округі, Құтикөл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

Кандидаттарды ұсыну барысы туралы ақпарат
Дата публикации
20 апреля 2023