Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бiрлесе отырып (келiсiмi бойынша), сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыратын орындардың тiзбесi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы А.Туртаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ
Келісілді:
Ырғыз аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Ж.ӘУЕСОВ