2023 жылғы 12 ақпанда Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Құмтоғай сайлау округі
Құмтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 537 азамат енгізілді, олардың 534-і дауыс берді. Учаскелік сайлау комиссиялары алған сайлау бюллетеньдерінің саны-543. Жарамсыз бюллетеньдер саны-36, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны-3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дербісалин С.Б. -44; Қайыр Ж.О. -47; Санымбаев М.Т. - 434.
Санымбаев Мұрат Тәуірбайұлы 1968 ж.т. Құмтоғай ауылдық ветеринариялық пунті, меңгеруші, Құмтоғай ауылының тұрғыны, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 қаңтарындағы шешімімен 2023 жылғы 12 қаңтарда сайланған Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы