«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35,37-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Ырғыз ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 хаттамалық қорытындысы негізінде Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз ауылдық округі Ырғыз ауылының «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» көшесі «Абай» көшесі болып қайта аталсын.
2. Ырғыз ауылдық округі Ырғыз ауылының «Абай Құнанбаев» көшесі «Жармола» көшесі болып қайта аталсын.
3. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді:
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ырғыз ауылдық округі әкімінің бас маманы М.Әбдірахманға тапсырылсын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауылдық округінің әкімі А.Оразымбетова