Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8 бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ :
1. Осы шешімнің қосымшаларына сәйкес Ырғыз ауданы бойынша 2023–2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары бекітілсін.
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін интернет- ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы М.Тұрымов