Ырғыз аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша қаулыға қосымшаға сәйкес шараларда 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
2. Қаулы Ырғыз аудандық мәслихатына жіберілсін.
3. Осы қаулы Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Ырғыз» газетінде орналастырылсын.
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Комиссия төрағасы                 М.Сембі
Комиссия хатшысы                 Д.Қызбергенов

Постановление
Дата публикации
29 декабря 2022