Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы Құмтоғай ауылдық округі әкімдігіне келесідей кандидаттарды тіркеді:
1. Санымбаев Мұрат Тәуірбайұлы, 1968 жылы дүниеге келген, Құмтоғай ауылдық ветпункті, меңгеруші, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылдық округі, Құмтоғай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
2. Қайыр Жаңабек Ошақбайұлы 1992 жылы дүниеге келген, «Ырғыз ауданы әкімінің әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылдық округі, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
3. Дербісалин Сұңғат Болатұлы 1980 жылы дүниеге келген, «Ырғыз ауданы мәслихаты аппараты» ММ, бөлім басшысы, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылдық округі, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

Дата публикации
17 января 2023