Ырғыз аудандық сайлау комиссиясына Құмтоғай ауылдық округінің әкіміне үш кандидаттан құжаттар келіп түсті.
Санымбаев Мұрат Тәуірбайұлы, Қайыр Жаңабек Ошақбайұлы және Дербісалин Сұңғат Болатұлы, аталған кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заңнын талаптарына, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жургізілуде.