«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Итібаев
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д. Қызбергенов
Ырғыз ауылы,
2023 жылғы 4 қаңтар,
№3