«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
1) Құмтоғай сайлау округі - Құмтоғай ауылдық округі аумағының шекараларында;
2. Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Итібаев
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов
Ырғыз ауылы,
2023 жылғы 4 қаңтар,
№2