«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалсын.
2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 5-ші қаңтардан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 17-ші қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
3. Құмтоғай ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 22-ші қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
4. Осы қаулы Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Итібаев
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов
Ырғыз ауылы,
2023 жылғы 4 қаңтар,
№1