«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 31 «Ырғыз аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 10 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
2. Ырғыз аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Ырғыз аудандық мәслихатына жіберілсін.
3. Осы қаулы Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Комиссия төрағасы М.Сембі
Комиссия хатшысы Д.Қызбергенов