Ырғыз ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Ырғыз ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Қызылжар сайлау округі
Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1270 азамат енгізілді, олардың 1086-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбдірахман М.Р. – 112;
Дәрменов Б.С. – 46;
Жәнібекұлы А. – 918;
Жәнібекұлы Асылан, 1990 жылы дүниеге келген, Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратаның бас маманы, Қызылжар ауылдық округінің Құрлыс ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған. Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 1 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 31 шілдеде сайланған Ырғыз ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімін тіркеді.

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 августа 2022