Ырғыз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы №196 «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6462 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.