Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 28 бабының 4 тармағына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Ырғыз ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй – жайлардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Қызбергенов