Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №93 «2022-2024 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №93 «2022-2024 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 531 992 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 46 154 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 80 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 484 758 мың теңге;
2) шығындар – 546 829,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 14 837,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 14 837,2 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 14 837,2 мың теңге.».
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2022 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге – 282 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыруға – 133 557 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

НҚА жобасы
Дата публикации
01 сентября 2022