Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №333 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7502 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.