Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімін сайлауды 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындау туралы хабар

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хабары

2022 жылғы 1 шілдеде Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ырғыз ауданының Қызылжар ауылдық округінің әкімін сайлауды 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындады.
Қызылжар ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
2022 жылдың 31 шілдеге тағайындалған Қызылжар ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 2 шілдеден басталады.

Дата публикации
01 июля 2022