«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М. Сембі
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д. Қызбергенов
Ырғыз ауылы, 2022 жылғы 1 шілде, № 25