Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
1) Қызылжар сайлау округі - Қызылжар ауылдық округі аумағының шекараларында;
2. Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М. Сембі
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д. Қызбергенов

Ырғыз ауылы, 2022 жылғы 1 шілде, № 24

Дата публикации
01 июля 2022