Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалсын.
2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 2-шілдеден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 15-шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
3. Қызылжар ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 20 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
4. Осы қаулы Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М. Сембі
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов

Ырғыз ауылы, 2022 жылғы 1 шілде, № 23

Дата публикации
01 июля 2022