«Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Құмтоғай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешім жобасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 1 сәуірдегі №2-17/63 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Құмтоғай ауылының О.Тәтеұлы №2, №4/1, №6, №7 үй, О.Жұмабаев №1, №5, №9/1, №10 үй, А.Рысбаев №8/1, №8/2, №10, №11/1, №12 және Қ.Шегебаев №2/1, №2/2, №3 көшелерінде ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Құмтоғай ауылдық округінің әкімі
Н.Жұбаназаров

Дата публикации
06 апреля 2022