«Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №99 «2022-2024 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №99 «2022-2024 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер –26 308 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 859 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 10 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;
трансферттер түсімі – 25 439 мың теңге;
2) шығындар – 26 510,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
0 теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу –0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –0 теңге.»
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ырғыз аудандық мәслихатының сессия төрағасы
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы

Дата публикации
25 марта 2022