Ырғыз ауданында 2021 жылдың II-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша анықтама

Ырғыз ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (барлығы 62 қызмет) аудан әкімі аппаратының 13 құрылымдық бөлімімен көрсетіліп келеді. Оның 7-уі ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары болып табылады.
Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2021 жылдың II-тоқсанында 1428 қызметті құрады. Оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы -10, оның «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі бойынша 8-і электрондық үкімет веб-порталында қол жетімсіздігі салдарынан кеңсе арқылы қағаз түрінде және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша 2 өтініш электрондық өтініштер базасы арқылы түскен. Ал тек қана мемлекеттік қызметті берушілер арқылы көрсетілетін қызметтер саны -0;
- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызметтердің саны -1052 қызмет.
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны -129, ал электрондық үкімет вебпорталы арқылы -237 қызметті құрады.
«2021 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау іс-шаралары жоспарына» сәйкес есепті кезеңде 2 ішкі бақылау шаралары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелмеген. Лицензиялауға қағаз түрінде өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен шағымдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны барлығы -4, яғни жергілікті «Ырғыз» газетіне екі мақала жарияланып, түсіндірме іс-шаралары ретінде екі семинар-кеңес ұйымдастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты 7 мемлекеттік қызметші есепті кезеңде біліктілігін арттыру семинарларынан өткен.

ІБ есебі
Дата публикации
08 июля 2021