Ырғыз ауданында 2021 жылдың IV-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша анықтама

Ырғыз ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (барлығы 63 қызмет) аудан әкімі аппаратының 14 құрылымдық бөлімімен көрсетіліп келеді. Оның 7-уі ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары болып табылады.
Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2021 жылдың IV-тоқсанында 766 қызметті құрады. Оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы -3, оның 2-еуі «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» және 1-еуі «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік қызметтері бойынша электрондық үкімет веб-порталында қол жетімсіздігі салдарынан кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілген. Ал тек қана мемлекеттік қызметті берушілер арқылы көрсетілетін қызметтер саны -0;
- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызметтердің саны -453 қызмет.
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны -122, ал электрондық үкімет вебпорталы арқылы -188 қызметті құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелмеген. Лицензиялауға қағаз түрінде өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен шағымдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны барлығы -1, түсіндірме іс-шаралары ретінде бір семинар-кеңес ұйымдастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты 6 мемлекеттік қызметші есепті кезеңде біліктілігін арттыру семинарларынан өткен.

ІБ есебі
Дата публикации
10 января 2022