Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 21 желтоқсандағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26020 болып тіркелген) №84 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
11) кірістер – 7 304 746,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 723 848 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5 674 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 6 575 224,2 мың теңге;
2) шығындар – 7 545 703,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 16 190 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 36 756 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 20 566 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5)_бюджет тапшылығы (профициті) – -257 146,9 мың теңге;
6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 257 146,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 36 756 мың теңге;
қарыздарды өтеу –20 566 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 240 956,9 мың теңге.».
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге- 5 050 мың теңге;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге – 12 860 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға- 5 191мың теңге;
нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға- 41 862 мың теңге;
көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға- 704 305 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге – 301 318 мың теңге;
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту - 174 129 мың теңге;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) қайта жаңғыртуға 220 301 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға- 222 726 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға- 44 244 мың теңге;
газбен жабдықтау нысандарына техникалық қызмет көрсетуге- 76022 мың теңге;
шақырту пунктіне автокөлік сатып алуға- 6787,2 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
мемлекеттік ұйымдардың: үйде қызмет көрсету жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге – 223 мың теңге;
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге- 10 947 мың теңге;
мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге- 1857 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге – 301 318 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.