Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің «13» наурыз 2022 жылғы сайлауы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститу-циялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2022 жылғы «13» наурызда болған әкім сайлауының Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылдық округі қорытындылары туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1.Кандидат Қобанов Руслан Құдайбергенұлы 1989 жылы туған, Ырғыз ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ырғыз ауылының тұрғыны Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
2.Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3.Тиісті куәлік берілсін.

14 наурыз 2022 жылғы
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 марта 2022