«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Ырғыз ауданының Жайсаңбай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Жайсаңбай сайлау округі
Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 216 азамат енгізілді, олардың 177-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қобанов Р.Қ – 95;
Құрманбай Е.К – 3;
Мұхайыс Е – 76;
Қобанов Руслан Құдайбергенұлы, 1989 жылы дүниеге келген, Ырғыз ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған. Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімімен 2022 жылғы 13 наурызда сайланған Ырғыз ауданының Жайсаңбай ауылдық округі әкімін тіркеді.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы