Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 ақпандағы №124 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3816 болып тіркелген) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ырғыз ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.