Ырғыз аудандық сайлау комиссиясына Жайсаңбай ауылдық округінің әкіміне үш кандидаттан құжаттар келіп түсті. Құрманбай Ерсерік Кәдірбекұлы, Мұхайыс Ерлан және Қобанов Руслан Құдайбергенұлы. Аталған кандидаттың барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заңнын талаптарына, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жургізілуде.