Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2021 жылы 701,0 млн.теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2020 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,8 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2021 жылы 17972,3 млн. теңге немесе 2020 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға қамтамасыз етілді.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 5421,1 млн. теңге, немесе 2020 жылмен салыстырғанда -118,7 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджет 623,0 млн.теңге (өткен жылы 1545,3 млн.теңге) жергілікті бюджет 780,8 млн.теңге (өткен жылы 558,0 млн.теңге) жеке көздерден 3924,0 млн.теңге (өткен жылы 2321,8 млн.теңге), басқалай 93,3 млн.теңге, (өткен жылы -39,8 млн.теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1724,9 млн.теңге, 2020 жылы -1825,1 млн.теңге, немесе 90,6 пайыз.
Барлығы 13460 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 113,0 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 825 бірлік, өткен жылмен салыстырғанда 106,7 пайыз. Белсенді субъектілер саны-819 бірлік, немесе өткен жылға 106,8 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 1785,3 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 113,7 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2021 жылы 1446 жаңа жұмыс орны қосылды (өткен жылы-470), 1898 адам еңбекке орналасты (101,7 пайыз), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны – 643 (104,0 пайыз).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 671,2 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 939,7 млн. теңге, немесе 140,0 пайызға орындалды. Бюджет шығысы 99,5 пайызға атқарылды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 20,0 пайызға немесе 156,6 млн.теңгеге өскен.