Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесінің 2021 жыл бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі

Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесі өз жұмысын ҚР 2015 жылғы 2 қарашадағы №383 «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, кеңес ережесі мен 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша жүргізді.
2021 жылы түрлі мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің 9 отырысы өткізіліп, 26 мәселе кеңес отырысында қаралды:
1. 2021 жылғы 28 қаңтарда кеңес «Ырғыз аудандық Қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» мәселесімен алғашқы отырысын өткізді.
2. Күн тәртібіндегі «Аудан әкімі Ә.Әуелбаевтың Ырғыз ауданының 2020 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттер туралы есебі» мәселесі бойынша кеңес отырысы 2020 жылдың 8 ақпанында өткізілді. Жиында аудан әкімі Әділкерей Әуелбаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алда тұрған міндеттермен бөлісті. Кеңес отырысын қорытындылаған төраға А.Бейсенбайұлы көтерілген бірқатар мәселелер бойынша Іс-шара жоспарын бекітті.
3. Кеңестің 2021 жылдың 8 ақпанындағы отырысында «Қоғамдық кеңестің кейбір мүшелерінің өкілеттіліктерін тоқтату және кеңес мүшелігіне кандидаттар ұсыну жөнінде» және «Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесінің қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру туралы» мәселелер қаралды.
4. 2021 жылғы 19 наурызында «2020 жылы аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы» полиция бөлімі бастығының орынбасары Т.Дүйсенов, «Аудандағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарған жұмысы туралы» басқарма басшысы Т.Жолдыбай, «Аудандық аурухананың медициналық қызметті ұйымдастыруының жайы туралы» аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Е.Домақовтың есептері тыңдалды.
5. 2021 жылдың 14 мамырындағы Кеңестің кезекті отырысында «Ырғыз ауданының елді мекендерін ауыз сумен қамту мәселесі туралы» «Су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А.Бақтыбаев, «Ырғыз ауылындағы тазалық мәселесі және ауыл жанындағы күл-қоқыс полигонының жай күйі туралы» Ырғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Р.Қобанов, «Ырғыз ауданындағы көркейту, көгалдандыру жұмыстары және ауданаралық жол қатынастарының жай-күйі туралы» аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Бердібай және «2021 жылдың 8 ақпанында Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген Спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау туралы, Ырғыз ауылындағы жаяу жүргіншілер жолағын сапалы аяқтау туралы, «Су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын қаржылай сауықтыру шаралары туралы» Ырғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Р.Қобанов пен аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Бердібай қосымша хабарлама жасады.
6. Күн тәртібіндегі «Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарлылып жатырған жұмыстар туралы», «Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда жүргізіліп отырған жұмыстар туралы», «Нұра ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы» және «2021 жылдың 8 ақпанында Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген Ырғыз ауылында архив, музейге арналған ғимарат құрылысын салудың барысы жайлы және «Тақта» көпірін қалпына келтірудің барысы жайлы» мәселелері бойынша кеңес отырысы 2021 жылдың 30 маусымында өткізілді. Кеңес отырысында бірінші және екінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Тұртаев, үшінші мәселе бойынша Нұра ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы С.Шәуенов, төртінші мәселе бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ж.Ерік, Нұра ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы С.Шәуенов қосымша хабарлама жасады.
Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелердің бірі «Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы» мәселесі Кеңес отырысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қуаңшылыққа байланысты айтылған ұсыныс-пікірлерді Қоғамдық кеңес, аудан әкімінің назарына ұсынды. Нәтижесінде, кеңес мүшелерінің ұсыныс пікірлері ескеріліп, қуаңшылыққа байланысты 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында аудан орталығында ауылдық округтер бойынша апта сайын қысқы мал азығына байланысты жәрмеңкелер өтікізіліп отырады. Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға берілетін субсидияға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өтінімдерді қабылдауда. Ауыл шаруашылық құрылымдарына "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватының территориясынан маусымдық мал жайылымға жер телімдері берілді.
7.2021 жылғы 9 қыркүйегіндегі кеңес отырысында «Аудан бойынша жер беру, олардың тиімді пайдаланылуы және жер учаскелерін сату туралы» жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Бердалин, «Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылы мен күзгі – қысқы кезеңге дайындығы туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Аманжол, «2021 жылдың 8 ақпанында Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген Ырғыз ауылындағы жаяу жүргіншілер жолдарын сапалы аяқтау және «Зерде үйінің» қазіргі жай – күйі жайлы мәселелердің орындалу барысы туралы» Ырғыз ауылдық округінің әкімі А.Оразымбетова, білім бөлімінің басшысы Б.Аманжолдың қосымша хабарламалары тыңдалды.
««Зерде үйінің» қазіргі жай – күйі жайлы» мәселесін қараған Қоғамдық кеңес аудан әкіміне «Зерде үйінің» ғимаратын, орнын белгілеп, бекітіп беруге және алдағы уақытта «Зерде үйінің» жұмыс жасап, жасақталып, ауданның тарихы мен мәдениетінің, өнерінің, білімінің, рухани дамуының, өркениетке ұмтылуының кепілі болатындай, тәрбиелік мәні бар орынға айналатындай қайта жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде ұсынысын жеткізді.
8. 2021 жылдың 16 қарашасында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Тұртаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Т.Жолдыбай, «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ырғыз аудандық бас маманы С.Құлтазин, Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Жүсіпов, «Ырғыз аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Д.Тойбазаров, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы С.Имантаев, Ырғыз ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Н.Сырымбетов және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен Қоғамдық тыңдау өткізілді.
Күн тәртібінде «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ырғыз аудандық бас маманы С.Құлтазиннің аудан бойынша ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалды. Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы мен кеңес мүшелері аталған саладағы тиісті мекеме–кәсіпорын басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, елді мекендерде иесіз ит-мысықтарды аулауды заңнама талаптарына сай жүргізу, мал сою алаңдарын салу мәселесін қарастыру бағыттарында ұсыныстарын білдірді.
9. Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы 2021 жылдың 8 желтоқсанында болып өтті. Күн тәртібінде «Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен салынудағы құрылыс нысандарының жай-күйі», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының орындалуы және жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар жайлы, сонымен бірге аудан бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Кенжебаев, екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Жүсіпов, үшінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Байдәулетов хабарлама жасады. Жауапты басшылардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып отырған жұмыстар жөніндегі баяндамаларын тыңдаған Кеңес төрағасы Айтбай Бейсенбайұлы мен кеңес мүшелері өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Бұл мәселелерден бөлек, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 5- бабына сәйкес, аудан әкімдігі отырысы мен аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын нормативтік құқықтық актілердің 40 жобасы талқыланды.
Қоғамдық кеңестің жұмысының негізгі бағытының бірі қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызмет.
Қоғамдық кеңес:
• Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік жұмыс тобының, Қоғамдық кеңестің мүшесі Г.Шамиева кәсіпкерлік нысандардағы сақтық шараларының орындалуы бойынша мониторинг жүргізді.
• Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Бейсенбайұлы, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері Н.Қызбергенов пен Қ.Берекеш Ырғыз ауылының Құлымбетов көшесінің жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.
• Ағымдағы жылдың 7 қазанында аудан әкімі Ә. Әуелбаев бастаған топ Аманкөл ауылдық округіне іссапармен барды. Топ құрамында аудандық мәслихат хатшысы Н. Қызбергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Кенжебаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А. Бейсенбайұлы, «Nur Otan» партиясы Ырғыз аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Тұрымов, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Аманжол болды. Ең алдымен Құтикөл ауылындағы ауылішілік газ құрылысы мен көшелердің орташа жөндеу құрылысын қараған аудан әкімі жұмыстарды уақытында әрі сапалы жүргізуді округ әкіміне тапсырды. Одан әрі жұмыс сапары Жарма ауылында жалғасты. Жарма ауылындағы 60 орындық мектеп мектеп құрылысын сынға алған аудан әкімі Ә.С. Әуелбаев тиісті тапсырыс берген облыстық басқармаларға жұмысты жандандыру жөнінде ұсыныс жасауды тапсырды.
• 2021 жылдың 8 қазанында аудан әкімі Ә.Әуелбаев бастаған топ Қызылжар ауылдық округіне іссапармен барды. Топ құрамында аудан әкімінің орынбасары С.Қонақбаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы, "Nur Otan" партиясы Ырғыз аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Тұрымов, аудандық газ шаруашылығының директоры Г.Башбаев болды. Шеңбертал ауылында өткен еңбек ардагері А.Ізашұлының бастамасымен салынған "Ұстаздар аллеясы" саябағының ашылу салтанатында аудан әкімі тұрғындарды құттықтап, игілікті іске атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді. Сапар Құрылыс ауылына жалғасып, «Мәні» мәдениет үйіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысы қаралды. Мердігер өкіліне жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау тапсырылды. "Айман өткелі" бөгетін қараған аудан әкімі мен топ мүшелері өзен бойына су реттегіш салудың жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін атап өтті. Бұдан кейін құрылыс жұмыстары тоқтап тұрған ангар типтес спорт ғимаратының құрылысымен танысқан Ә.Әуелбаев округ әкімі М.Сейілхановқа тиісті облыстық басқармалармен бірлесіп ағымдағы жылға жоспарланған құрылыс жұмыстарын уақытылы жүргізуді қатаң тапсырды.
• Мәслихат депутаты, Қоғамдық кеңес мүшесі Н.Қызбергенов жеке тұрғындарға үй -жайларына газды қосу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудандық «Ырғыз» газетінде Қоғамдық кеңестің отырыстары мен кеңес мүшелерінің қоғамдық пікірі туралы 8 мақала (№3, 5, 13, 21, 28, 39, 47, 48) және аудан әкімдігінің интернет-ресурсы мен әлеуметтік парақшаларында жарияланды.
Халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы түйіткілді мәселелерді талқылайтын диалог алаңына айналған Қоғамдық кеңес өз жұмысын жалғастыра береді.

Ырғыз ауданының қоғамдық кеңесі
10 қаңтар, 2022 жыл

Дата публикации
10 января 2022