Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының "Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округінің әкімін сайлауды 2022 жылғы 13 наурызға тағайындау туралы" хабары

2022 жылғы 11 ақпанда Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ырғыз ауданының Жайсаңбай ауылдық округінің әкімін сайлауды 2022 жылғы 13 наурызға тағайындады.
Жайсаңбай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
2022 жылдың 13 наурызға тағайындалған Жайсаңбай ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 12 ақпаннан басталады.

Дата публикации
11 февраля 2022