Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының "Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 13 наурызға тағайындалған Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Сембі

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов

Ырғыз ауылы,
2022 жылғы 11 ақпан,
№04

Күнтізбелік жоспар
Дата публикации
11 февраля 2022