"Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы" Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының қаулысы

"Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы" Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
1) Жайсаңбай сайлау округі - Жайсаңбай ауылдық округі аумағының шекараларында;

2. Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Сембі

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов

Ырғыз ауылы,
2022 жылғы 11 ақпан,
№ 03

Дата публикации
11 февраля 2022