«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 13 наурызға тағайындалсын:
2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 12-ақпаннан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 25-ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
3. Жайсаңбай ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 02 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
4. Осы қаулы Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М. Сембі
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов
Ырғыз ауылы,
2022 жылғы 11 ақпан,
№ 02