«Ырғыз ауданы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ырғыз ауданының әкімдігі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы№264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағынасәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ырғыз ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Ә. Әуелбаев

Қаулы жобасы
Дата публикации
08 февраля 2022