«Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №333 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ырғыз ауданы мәслихатының шешім жобасы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 қыркүйектегі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7502 болып тіркелген) №333 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
9 тармақта:
2) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде уәкілетті органның ұсынған тізімдері негізінде;»;
3) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының (бұдан әрі – «Ардагерлер туралы» Заң) күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;»;
14 тармақта:
2) тармақшасында:
«30 000 (отыз мың)» сандары мен сөздері «50 000 (елу мың)» сандары мен сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы Н. Қызбергенов

Шешім жобасы
Дата публикации
27 января 2022