Нұра селолық округі әкімі С.Р.Шәуеновтің 2021 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есепті баяндамасының тезистері

Нұра ауылдық округі бойынша халық саны – 1 357 адам. Оның ішінде: Нұра ауылында -782, Мамыр ауылында – 182, Дүкен аулында – 136, Белшер аулында 257 адам тұрады.
2021 жылдың 12 айы ішінде 20 бала дүниеге келіп, 5 адам қайтыс болып, 5 отбасы құрды.
Жыл басынан бері арыз-шағым жоқ. Қажетті мәселелер бойынша 54 өкім, 16 шешім қабылданды.
Биылғы жылы мүлік, жер салығы 100 пайызға, көлік салығы 92 пайызға орындалды.
Жұмыспен қамту. 2021 жылдың 12 айы ішінде Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек алуға 10 отбасы өтініш тапсырды. Соның ішінде 8 отбасына жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тиесілі болды.
Ағымдағы жылдың 12 айында 42 жұмыссыз адам ақылы қоғамдық жұмысқа алынды, жастар практикасына 10 адам, жасыл елге 70 жас қамтылды. Барлығы 122 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орнына 7 адам, тұрақты бос жұмыс орындарына 78 адам орналасты.

Әкімнің тезистері
Дата публикации
14 декабря 2021