Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі Н.А.Қарабаевтың «2021 жылғы атқарған жұмыстары туралы және 2022 жылға міндеттері туралы» есебінің тезистері

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша:
Ауылшаруашылығы саласын дамытуда округ бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауылдық округтің негізгі өндірісі-мал шаруашылығы. Меншіктің барлық түрлері бойынша 2021 жылы 2673 бас мүйізді ірі қара, 437 бас жылқы, 164 бас түйе, 7558 бас қой-ешкі болып отыр.
Жайсаңбай ауылдық округінде жалпы саны ауылдық округ аумағында 2 заңды тұлға, 26 шаруа шаруашылықтары, 1 АӨК, 15 жеке кәсіпкер қызмет көрсетеді. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау бағытында түрлі шаралар жүзеге асырылды. Атап айтар болсақ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылық құрылымы, «Іскер бағдарламасы» бойынша 4 шаруашылық құрылымы, «Агро Бизнес» бағдарламасы бойынша 1 шаруашылық құрылымдары несие алып кәсіптерін үлғайтуда. Ауылшаруашылық техникаларын «Ақәділ» ШҚ 2 трактор, 1 тіркемелі прес, «Дәулет К» ЖШС 2 трактор, 2 прес толық жиынтығымен сатып алынды.
Суармалы егістік жерлерге картоп, көкөністер мен бақша өнімдерін егу жөніндегі берілген тапсырмаға сәйкес «Дархан»,«Өрлеу ЖН-2017» ауыл шаруашылық өңдірістік кооперативі және жеке тұлғалар еккен егістік көлемі 29 гектарды құрады.

Әкімнің тезистері
Дата публикации
14 декабря 2021