Азаматтарды бюджеттік өлшемдермен, басымдылықтар және шешімдерімен таныстыру мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджет әзірленген, бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оның параметрлері және бюджет қаражаты шығыстарының жұмсалу бағыттары қамтылған.
Ауданның 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №359 шешімімен бекітілген, аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 10 наурыздағы №14, 10 маусымдағы №42, 2 қыркүйектегі №52, 12 қарашадағы №65, 21 желтоқсандағы №83 шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.