2021 жыл ішінде атқарылған жұмыстар Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындауға, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына жұмыс жасауға, облыс басшысының берген тапсырмалаларының іске асырылуы, бюджеттің орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да мәселелердің камтылуына, өткен жылғы есеп беру жиналысында тұрғындар тарапынан айтылған сын ескертпелерін іске асыруға бағытталды.
Ауылдық округке 3 елді мекен жатады. Олар: Құрылыс, Жаныс би және Шеңбертал ауылдары. Округ бойынша жалпы халық саны – 2358 адам, оның ішінде Құрылыс аулында - 1030 адам, Жаныс биде - 672 адам, Шеңберталда - 656 адам тұрады. Оның ішінде зейнеткерлер - 204, жалпы еңбекке жарамды – 1386 адамды құрайды.
Округте 3 жалпыға білім беретін орта мектеп, 3 бөбекжай, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, 1 мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб үйі, орталықтандырылған модельдік кітапхана, 2 ауылдық кітапхана, «Казпошта» бөлімшелері, электр желілерін тарату, телеарна тарату, «Қазақтелеком» байланыс бөлімшелері, су шаруашылығы мекемелері мен Өрт сөндіру бекеті халыққа тұрақты қызмет көрсетуде.