Аманкөл ауылдық округінің жалпы халық саны 2021 жылғы 24 желтоқсанға 2031 адамды құраса, оның ішінде еңбекке қабілетті экономикада белсенді тұрғындар саны -968. Зейнеткерлер -156, мүгедектер -31, оқушылар -399. Жыл басынан қосылғандар саны -39 адам, көшіп кеткен және өлгендер саны 39 адам. Шағын кәсіпкерлер саны -87. Оның ішінде заңды тұлға -5, шаруа қожалықтары -35. Жалпы Аманкөл ауылдық округі жерінің аумағы 194 980 гектар.
Облыс және аудан орталығына, елді мекендерге негізгі қатынас жолы автокөлік жолдары.